Әскерден университетке. Өткен жылдан бері елімізде Отан алдындағы борышын өтеген азаматтар ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орнына түсе алады. Ал Қонаев гарнизонында мұндай мүмкіндікті пайдаланамын дейтін жастар саны көбейіп келеді. Олардың дайындығын күшейту үшін арнайы кабинеттер ашылған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.