40 жылдай құжатсыз жүрген қария. Жұманазар Атажанов Қарақалпақстанның тумасы. Бірақ тағдыр тауқыметімен Қазақстанда тұрып жатыр. Ол 29 жасында жұмыс іздеу мақсатында елге келген. Бірақ оның осы күнге дейін, жеке басын куәландыратын бір де бір құжаты болмаған. Тіпті еш мемлекетте азаматтығы жоқ. Ардагерге Талдықорғандағы әлеуметтік бейімдеу орталығы қол ұшын созды. Оған “ҚР-ның Азаматтығы жоқ куәлігі” табысталды. Яғни, елде тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына рұқсат етілген құжат берілді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.