Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығын тойлау басталды. Бүгін елордада палуанның есімі берілген Олимпиада резервінің мамандандырылған Республикалық мектеп интернат-колледжінде салтанатты шара өтті. Ресми ашылуға мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты.