Минималды жайлылық, максималды әсер. Қапшағай су қоймасында алғаш рет “Рейнджерлер” 2022 су спорттық туристік турнирі өтті. Оған Алматы облысының “Рейнджерлер” балалар-жасөспірімдер клубының қатысушылары мен Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының су туризмін сүйетіндер де қатысты. Бас-аяғы 60 адам екі күн бойы суда жүзіп, су спорты мен туризмінің дамуына атсалысып қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






