Жаңа облыс орталығына жырдан шашу. Қонаев қаласында «Алатау әуендері» ансамблі концерт қойды. Олар шаһар тұрғындары мен қонақтарына жайлы демалыс, рухани көңіл-күй сыйлады. Өнер ұжымы ХІІ маусымының қорытынды концертін осы қасиетті қалада түйіндеуге шешім қабылдаған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






