Баспана мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында 180 пәтерлік көпқабатты тұрғын үйлердің құрлысы жүріп жатыр. Кредиттік баспана желтоқсан айында толығымен қолданысқа берілмек. Үй аламын деп жүрген азаматтар «Бақытты отбасы», «7-20-25» мемлекеттік бағдарламалар арқылы арманына қол жеткізбек. Бүгінгі күні 3 тұрғын үйдің құрылысы 65 пайызға аяқталған, – дейді аудан әкімінің орынбасар. Айтуынша пәтерлер жергілікті жерде үй кезегінде тұрғандарға берілмек.






