Біздің күшіміз бірлікте! Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 27 жыл толады. Ол – елдегі ұлт аралық келісім мен бірлікті сақтауда орын ерек азаматтық қоғамның бірегей институты. Бұл тұста елдегі грек қоғамдастықтары қауымдастығының басшысы Георгий Иорданиди елімізді өзгелерге үлгі етті. Бүгінде ол өзінің білім білігі мен өмірлік тәжірибесін пайдалана отырып, қоғамдағы этносаралық қатынастар мен толеранттылықты нығайтуға зор үлес қосып келеді.