Егін жинауға жеңілдікпен берілген дизель отынын сату дерегін алдын алу. Елімізде жанар-жағармайдың алып-сатарлықпен айналысқандарды анықтау жұмысы күшейтілді. Мұнымен күрес мақсатында барлық өңірде тексеру жүргізілуде. Бірі – Алматы облысында өтті. Өңірдің экономика тергеу департаменті өкілдері ауыл шаруашылық басқарма мамандары мен шаруалармен кездесті. Талдау жүргізіліп, заңсыздықтың алдын алу әрекеті сараланды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.