Назар аударыңыздар! Талдықорғанда 10 күнге ыстық су беру тоқтатылды. Өндірістік қажеттілік. 15- 25 тамыз аралығында облыс орталығының жылу беру жүйелерінде жөндеу жұмыстары жүреді. Қала бойынша оның ұзындығы 173 шақырым. Күрделі жөндеу 7 шақырымдай жүйені қамтиды. ТҮКШ бөлімі қалалықтарды әлеуметтік желі арқылы алдын-ала құлақтандырды. Жоспарлы іске түсіністікпен қарауды сұрайды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






