Алматы облысына іссапармен ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев келді. Ол бұл жолы Жамбыл ауданындағы Таңбалы қорық музейіне барды. Шара барысында туристтерді осы аумаққа тарту ісі мен ерекше тарихи аумақты көпке танытып, дамыту жоспары талқыланды.