Алматы облысында байдарка мен каноэда есуден 14 жастағы қыздар мен 13 жасқа дейінгі балалар арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Судағы сайыс Іле ауданындағы Первомай көлдерінде өтіп, 10 облыс пен 2 қаладан балалар қатысады. Төрт күн ішінде барлығы 150 қатысушы чемпионат кубоктары мен медальдарды сарапқа салмақ.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






