Арнайы жарияланған байқауға қылқалам шеберлерінен 55 эскиз ұсынылыпты. Конкурстық комиссия мүшелері бірауыздан суретші Есен Дәуренбаевтың жұмысын жоғары бағалапты. Тұжырымдарынша: туынды өлкенің тарихи-мәдени және географиялық ерекшеліктерін нақты танытады. Көркемдік деңгейі жоғары, түсі де жеті өзен өлкесіне үйлесімді. Бастысы: геральдика талаптарына сай. Бұл туралы облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Болат Керімбек БАҚ өкілдерімен брифингінде мәлімдеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.