Талдықорғанда алғаш рет Astana Hub-пен бірлесіп “Startup orda” жобасы іске қосылды. Бағдарламаға жас кәсіпкерлер, студенттер, тіпті оқушылар да қатыса алады.Бүгінде 30дан астам жоба ұсынылған. Олар IT кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3 ай курстан өтеді. Курс аяқталған соң, 10 жоба комиссия қаралымына жіберіледі. Үздік деп танылғаны Астана қаласында өтетін ақтық сынға жолдама алады. Басты мақсаты өңірдегі проблемаларды көтеріп, оны шешудің цифрлы жолын іздеу, инновациялық технологияларды қолдану.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.