Бірінші байлық денсаулық! Райымбек ауданы Жаңатекес ауылында су жаңа медициналық мекеме ел игілігіне берілді. Аталмыш фельдшерлік амбулаториялық пункіттің күніне 25 адамға дейін қабылдауға мүмкіндігі бар. Көпттен бері жалғыз ғана медбикенің көзіне қарап келген ауыл тұрғындарының қуанышымен тілшіміз бөлісіп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.