Ірі инвестициялық жобаның келешегін Жетісу облысының басшылығы Қытайлық компания басшыларымен талқылады. Бұл кездесу бейне байланыс арқылы жүзеге асты. Негізгі тақырып, Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіптік қаласының құрылысы. Ол “Қорғас-Шығыс қақпасы” еркін экономикалық аймағының аумағында орналасқан. Ауқымды нысан Қазақстан-Қытай индустриялық-инновациялық ынтымақтастық жобаларының тізбесіне енгізілген.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.