Отаншылдық рухты шекара шектей алмайды. Бүгін шетелде жүрген 7000 нан астам Қазақстан азаматы дауыс беріпті. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді. “Атамекеннен жырақта жүргенде де ел тынысына үн қоса алу мүмкіндігі зор бақыт”, – дейді Текелілік Бүркітбай Файзуллаұлы. Белгілі құсбегі Отанның қадірін жақсы біледі. 1991 жылы Моңғолиядан қоныс аударған еді. Бүгін дауыс беруге бүкіл әулетімен келіпті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.