“Бейсен пайымындағы парасат”. Бүгін Жетісу университетінде қазақ тележурналистикасының майталманы Бейсен Құранбекті еске алу кеші өтті. Кеш мақсаты – жастарға кісілік кемелдігін пайым -парасатымен танытқан тұлғаны үлгі- өнеге ету. Өмір жолынан, шығармашылығынан тағылымды мысалдар келтіріп, жас буынды адамдыққа, адалдыққа, ұлтжандылыққа баулу.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.