Биыл елімізде су тапшылығы туындауы мүмкін. Қазіргі таңда өңірдегі су қоймалардағы қор 1 миллиард текше метрге дейін азайған. Тіршілік нәріне таршылықты болдырмау үшін үкімет алдағы 10 жылда күріш, мақта сынды дәнді дақылдар алқабын қысқартуды қолға алды. Осы мәселеге байланысты бүгін аймаққа ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов келіп қайтты. Жетісулық шаруалармен онлайн байланысқа шығып, сала проблемаларын талқылады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.