Талдықорған тоқтаусыз өсіп келеді. Қуатқа сұраныс та күрт артты. Бірақ, энергетикаға жауаптылар дамуға ілесе алмай қалудан қауіптенеді. Құрылымдық жүйелер, желілер 70- 80 пайызға тозған. Үш күн бұрын Жетісу облысына Премьер-Министр Әлихан Смайылов келіп қайтқаны мәлім. Облыс орталығының жылуға қажеттілігі артуын көрді. Бас қазандықты модернизациядан өткізуге көмектесеміз деп уәде берді. Жетісулық энергетиктер де Үкіметтен қолдау күтеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.