Алматы облысында балмұздақ шығару зауыты ашылады. Жылына 22 мың тонна тәтті өнім шығарады. Құны – 33,4 млрд.теңге инвестиция. Мұндай ірі жоба биыл Іле ауданында іске асады. Осыған сәйкес өңір басшысы Амандық Баталов Шин-Лайн компаниясы өкілдерімен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.