Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! Осындай ұранмен Алматы облысы орталығында «халық заңгері» акциясы өтті. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті өкілдерінің айтуынша, тұрғындардан жер қатынастарындағы жемқорлық әрекеттері туралы өтінімдер көп түседі. Сондықтан, шара барысында 30-ға жуық: сарапшы, мемлекеттік құқық қорғау органы қызметкерлері, сондай-ақ жер қатынастары мен ТҮКШ басқармасының өкілдері халыққа тегін түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.