Тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Қазақ тілін қалай насихаттаймыз? Елімізде тілді зерттейтін ғылыми мекеме жалғыз. Жарнамалауға көңіл бөлсек зерттеу жұмыстарымен кім айналысады? Осы және өзге сұрақтар Жаркент қаласында өткен “Тілдерді оқытудағы белсенді әдістер мен технологиялар” атты облыстық көшпелі семинарда талқыланды. Шараға ғалымдар, студенттер және әр ауданнан жиналған ұстаздар қатысты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.