Биыл Алматы облысы аумағында он бірге жуық орман өрті болды. Келген шығын 5 миллион теңгеден асты. Бірінде өртті қойған күдікті оқиға орнында ұсталды. Бүгінде тергеу амалдары жүргізілуде. Мамандар қызыл жалынның тұтануы көбіне азаматтардың қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан туындайды, -дейді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.