Осы жылдың 5 айын Жетісу облысы экономикалық-әлеуметтік қарқыны бойынша жоғары көрсеткішпен тәмәмдаған. Мысалға сауда 1,8, республикалық бюджеттің түсімдері 2,8 есеге артқан. Құрылыс көлемі 31,3 және өнеркәсіп өндірісі 14 пайызға өскен. Аймақ бюджеті 486 млрд теңгеге жеткен. Облыс президент міндеттеген ауылшаруашылығы және инвестиция тарту бағытында елеулі нәтижеге жеткен. Бұл туралы Орталық коммуникациялық қызметінің брифингінде Жетісу облысының әкімі мәлімдеді. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу, Ескелді ауданындағы Тау Жетісу демалыс орынында ұйымдастырылды.