Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында «AMANAT» партиясы журналистер арасындағы «AMANAT» – 2023 Медиа сыйлығы» республикалық байқауының қорытындысын жариялады. Аталмыш бәсекеде «Жетісу» телеарнасының продюсері, журналист Гүлжан Қызайбайдың еңбегі үздік деп танылды. Оның «Жетісудағы саяси репрессия» атты репортажы «Алаш қозғалысы туралы үздік материал» номинациясын жеңіп алды. Әріптесімізді құттықтаймыз!
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.