Самбо күресінің шебері Ділдәш Құрышбаева әлем кубогының жеңімпазы атанды. Бұл тарихи оқиға. Өйткені, осыған дейін әлем кубогын Жетісу өңірінің қыздары арасында ешкім иеленіп көрген жоқ. Дүбірлі жарыс Мәскеуде өтті. 72 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз түгел қарсыласын айқын басымдылықпен ұтып, елге аброймен оралып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.