Сорбұлақ көліне үлкен қастандық, қылмыс жасалып жатыр,- дейді эколог Мэлс Елеусізов. Алматы облысындағы экологиялық жағдай талқыланған жиында Сорбұлақтағы суды бөгеп тұрған, бөгеттер жарылуы мүмкін деп дабыл қағып отыр. Басқосуда Марат Сұлтанғазиев пен экология министрі Зүльфия Сүлейменованың бұйрығымен бекітілген экологиялық жағдайды жақсартудың 2023-2025 жылғы жол картасы талқыланды. Түрлі түйіткілді мәселелер қаузалды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.