«Жазғы кубокке» талас. Алматы облысында алғаш рет мұғалімдер арасында жағажай волейболынан жарыс ұйымдастырылды. Оған өңірдің 7 ауданы мен Қонаев қаласының педагогтері қатысып жатыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық шаралар – дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің жазғы уақытын тиімді пайдалануы, өзара тәжірибе алмасуы, сондай-ақ сала мамандарының ауыз біршілігін арттыру мақсатында өткізіледі.