Бүгін ең үздік жетісулық тауар өндірушілері анықталды. Дәстүрлі «Қазақстанның үздік тауары» байқауының өңірлік кезеңі өтті. Оза шыққандарды аймақ басшысы Бейбіт Исабаев пен облысқа іс-сапармен келген Парламент депутаттары марапаттады. Үздік тауарлар көрмесін аралап, өңірдегі өндіріс әлеуетімен танысты.