Еңбекшіқазақ ауданы Қазақстан ауылының қос бірдей спортшысы халқаралық жарыстардың чемпионы атанды. Бірі Мадияр Шаріпбай. Венгрияда өткен садақ ату сынында алтыннан алқа тағынса, екіншісі Марал Төлепберген Польшада өткен бокс бәсекесінде қарсылас шақ келтірмеді. Сөйтіп қарапайым ауылдың қос қыраны ел мәртебесін аспандатты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.