Шағын және орта бизнесті қорғау қолға алынды. Осы мақсатта биыл Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы 7 сала бойынша Кеңес құрған болатын. Атап айтқанда өнеркәсіп және жер қойнауын пайдаланушылар, құрылыс, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі салалық кеңес. Оған қоса тағы агроөнеркәсіп, туризм білім және денсаулық сақтау салаларына баса мән берілген. Мәселен жыл басынан бері жоғарыда аталған салалық кеңестің 12 отырысы өткен. Мұнда аталған салаларда кездесетін 34 проблеманы шешу жолдары қарастырылыпты. Аймақтағы негізгі проблемалар өндіріс орталықтарына қажетті электр қуатының тапшылығы. Ал, агрокешендер мен шаруа қожалықтарда жер жетіспеушілігі байқалады. Сонымен қатар, мемлекеттен берілетін субсидиялар мен жеңілдіктер мәселесі бар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.