Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері сүйекті жұтып қойған науқасты құтқарды. Әйел адам қабылдауға тамақ пен іштің ауыруы туралы шағымдармен барған. Мән жайды анықтау барысында науқас төрт күн бұрын тамақтану кезінде сүйек жұтып қойғанын айтады. Жедел қимылдап көмек беруге асыққан дәрігерлер өңештің іш қуысының жырылып кеткенін анытаған. Видео: Бастапқыда хирургиялық араласу арқылы сүйекті алу жоспарланып, кейін келе өңештегі шырышты қабықтың жарылуы болғандықтан дәрігерлер эндоскопиялық емдеу әдісін жүргізу туралы шешім қабылдаған.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.