Жаңарған ғимарат. Жаңа серпін, жаңаша құлшыныс. Жетісу облысы әкімінің аппараты өз кеңсесіне қайта қоныстанды. Қаралы қаңтарда залал келген нысан. Қалпына келтіруге Үкімет резервінен 5 млрд теңгеден аса қаржы жұмсалды. Араға 20 ай салып, бүгін әкімдікте алғашқы алқа мәжілісі өтті. Жартыжылдық қорытындыланды. Жаңа межелер белгіленді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.