Білім-білігін арттырып жатыр. Алматы облысының квазимемлекеттік ұйымдарындағы комплаенс офицерлері оқытылып жатыр. Семинар алдында олармен өңірлік антикор қызметінің бастығы кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстар мен комплаенс қызметшіге қойылатын талаптар жөнінде баяндады. Жалпы оқыту «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауларды бағалау және комплаенс қызметтерінің тәжірбиеге бағдарланған» тақырыбында өтті. Практикалық жұмысты білікті лектор әрі тәуелсіз сарапшы BEELINE/VEON LTD өкілі Айпар Әдибай өткізді. Сала мамандарының айтуынша Алматы облысы бойынша 200 ден аса квазимемлекеттік сектор субьектісі бар. Ондағы бармақ басты көз қысты әрекетінің алдын алу мен жолын кесуге міндетті қызметкерлердің білімі жетіспейді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.