Жаңа оқу жылындағы жағымды жаңалық. Президент пәрменімен биылдан бастап 1-4 сынып аралығындағы оқушылар тегін тамақпен қамтылады. Жетісу облысында 52 мың оқушы бастауыш сыныпта оқиды. Оның 11 мыңы әлеуметтік топ санатында. Қаламыздағы барлық білім ордалары бұйрыққа сай жұмыс істеп жатыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.