Алматы облысында биыл 68 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында айтылды. Жыл басынан бері өңірде пайдаланылмай жатқан және заңсыз бөлінген 68 мың гектар алқап аманаттықтардың тікелей араласуымен мемлекет меншігіне өткізілген. Бүгінде жайылымдарды ауыл тұрғындарына беру мақсатында жер-кадастрлық құжаттаманы рәсімдеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жиында партияның жыл басынан атқарылған істері баяндалып, Мемлекет басшысының 1-қыркүйекте жарияланған Жолдауы талқыланды. Жиында Мәслихат депутаттары өздерінің пікірлерін ортаға салды. Алматы облысы аграрлық сала болғаннан кейін маңызды құжатта бұл бағытта қабылданған ұсыныстарды қолдайтындарын жеткізді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.