Алмас Батановпен кездесуге бірнеше аудан тұрғындары жиылып, әлеуметтік маңызды проблемаларға қатысты сауалдарын жолдады. Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданында медицина нысандарының жеткіліксіздігі, балалар алаңдарының жоқтығы, жер, жарық проблемасы тұр. Мұнымен қоса, жүздесуге Балқаш, Жамбыл, Іле аудандары жұртшылығының аманатын арқалап келгендер жайылым жердің тапшылығы, суару желілерінің тозуынан қажығандарын айтады. Алматы облысы аграрлы аймақ болған соң жергілікті халық ауыл шаруашылығымен айналысатындарын жеткізді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.