Бірлік республикалық лагері бүгін өз жұмысын бастады. Жастар лагерінің кезекті маусымы алғаш рет Жетісу өлкесінде өтуде. Біздің облысқа еліміздің әр өңірінен 40 қатысушы келді. Үш күн ішінде олар Қазақстанның мәдениетімен, дәстүрімен танысады, сондай-ақ жастардың қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі іс-шараларға қатысатын болады. Лагерь жұмысының алғашқы күнінде біздің түсірілім тобы республикалық жоба қатысушылармен кездесті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.