Дәрігерлерді соққыға жығып, мәйітті ұрлаған адамдардың тірлігі адамгершілікке жата ма? Талғар аудандық ауруханасындағы жанжал бүкі елімізде қоғамдық дау туғызды. Медициналық мекемеде қайтыс болған науқастың ұлдары аурухана қызметкерлерін аяусыз соққыға жыққан. Ол мамандар қазір ауыр халде, жансақтау бөлімінде жатыр. Облыстық полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Егер айыптары дәлелденсе -8-10 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.