Жыл сайын медресеге оқуға түсіп, діни білім алатын қыз-келіншектердің қатары көбейіп келеді. Бұл туралы еліміздің әр өңіріндегі дін өкілдерінің басын қосқан республикалық ғылыми-зерттеу конференциясында айтылды. Қонаевта өткен шараға Қазақстанның бас мүфтиі – Наурызбай қажы Тағанұлы, облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов қатысты. Мұнымен қоса, белгілі профессорлар және теология ғылымдарының докторлары шақырылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.