Маңызды қадам. Маңызды таңдау. Бүгінде қала әкімдерін сайлау дайындығы басталды. Алматы облысы бойынша пилоттық режимде аталмыш науқанды өткізетін 2 аудан бекітіліпті. Бұл туралы журналистермен жүздескен аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы мәлімдеді. Мейрамгүл Айтованың айтуынша, олар Жамбыл, Балқаш аудандары. Бүгінде Балқаштан 23 сайлау учаскесіне 18446 тұрғын келіп өз дауысын берсе, Жамбылдағы 77 пунктен 105 895 адам өз таңдауын жасайды деп жоспарланып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.