Кемел Тоқаев атындағы детектив жанрындағы шығармалар байқауы әлі ашық. Туындылар 15 қазанға дейін қабылданады. Қазылар алқасы 15-і мен 25-і аралығында шығармалармен танысып, талдап, іріктейді. Ал жарыс жеңімпаздарын марапаттау 8-қарашаға белгіленген. Бұл туралы “Заң” Медиа корпорациясы” ЖШС директоры БАҚ өкілдерімен кездесуінде айтты. Ұйым аталмыш шараны 2018 жылдан бері ұйымдастырып келеді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.