Талдықорған өңірлік әйелдерді қорғау орталығы “осал мигранттарды қорғау” жобасын бастады. Бастама ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап қолға алынған. Норвегия Корольдігі сыртқы істер министрлігінің қаржылай қолдауымен орталық Азиядағы көші-қон қызметінде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылып отыр. Жалпы ұйым 25 жылдан бері жұмыс істейді. Негізгі қызметі тұрмыстық зорлық-зомбылықтан, адам саудасынан зардап шеккен жандарға заңдық тұрғыда көмектесу.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.