Қонаев қаласындағы жалғыз соғыс ардегері 103 жасқа келді. Оксана Бетебаеваны төл мерекесінде әскери қызметшілер құттықтап, деніне саулық тілеп қайтты. Ғасыр жасаған әжеміздің есік алдында әскери оркестр соғыс жылдарындағы әуендерді орындап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.