Республика мақтаныштары. Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары “Казастрошифт” республикалық зымыран құрастыру байқауында жеңімпаз атанды. Жарыс Астана қаласында өтті. Білімділік пен біліктілік сыналған бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 122 команда қатысқан.