Еңбек еленуімен құнды. Республика күнінде Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл мерекелік шарада 70 ке жуық қала тұрғынын марапаттады. Баршасына ел өркендеуіне қосып жатқан үлестері үшін алғыс айтты. Ел ішіне береке -бірлік тіледі. 63 адам Жетісу облысы,Талдықорған қаласы әкімдерінің Құрмет грамоталары, Алғыс хаттарымен марапатталды. Дәл осы күні алтын құрсақ 6 анаға “Алтын”,”Күміс алқалар” табыс етілді. Меркелік жиын соңы шағын концертке ұласты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.