Ұлт зиялыларына құрмет. Шонжы ауылындағы негізгі көшелерге Әль-Фараби, Абай, Мұқағали, Кентал Исламов есімдері берілді. Игі бастама Әл-Фараби бабамыздың 1150, ұлы Абайдың 175, Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдық мерейтойы аясында іске асырылып отыр. Руханияттағы ақжолтай жаңалықты көпшілік қуана қабыл алып, көшелерге бүгін тақтайшалары салтанатты түрде ілінді.