Халықтың өзі сайлап алған әкім. Үлкен жауапкершілік артылып отыр. Бүгін Балқаш ауданының активіне аймақтың жаңа әкімін таныстырған өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев осылай деді. Айта кетейік, мемлекет басшысының бастамасымен алғаш рет пилоттық жоба жүзеге асты. Яғни ел тұрғындары облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдерін сайлауға мүмкіндік алды. Мұндай саяси науқан 5 қарашада Алматы облысының қос ауданында өтті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.