Оқушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету — Оқу-ағарту министрлігі мен мектеп басшылығының басты міндеттерінің бірі. Сондықтан балалар мен білім мекемелерінің жұмысшыларына үнемі нұсқаулық өткізу маңызды. Оған қоса, полиция қызметкерлерінің алдын алу шаралары оқушылар арасындағы заңсыздық пен қылмысты азайтуға көмектеседі. Бүгінде Алматы облысының орта білім беру мекемелерінде 14 мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылған. Оларды құқық қорғау органдары тұрақты негізде бақылап, мониторинг жүргізіп отырады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






