“Президент бастаған реформалардың түпкі мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту. Жайлы өмір сүруіне жағдай жасау”. Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласы тұрғындарымен кездесуін әкімдік міндетін айшықтайтын осы бір сөздерден бастады. Баяндамасына да дәл осы мақсатта атқарылып жатқан нақты жұмыстарды арқау етті. Облыс беталысын, бүгіні мен болашағынан кеңінен хабардар етті.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






